Оқиға • 30 Желтоқсан, 2024

Астанада жаңа жылдық отшашу қайда өтеді

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада 31 желтоқсан күні сағат 00:00-де демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік жаңа жылдық отшашу басталады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада жаңа жылдық отшашу қайда өтеді

Фото: Ашық дереккөз

Отшашулар екі жерде өтеді: Ботаникалық бақ пен Атырау көпіріне іргелес аумақта. Әр жерде шамамен 2,5 мың мәрте атылады.

Сонымен қатар, 31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Жаңа жыл қарсаңында қаланың үш орнында мерекелік шаралар өтеді.

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 02:00-ге дейін елорданың қалалық алаңында, «Қазақ елі» монументі аумағында және ЭКСПО алаңында эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік концерттер өтеді.

Сондай-ақ, жаңа жылдық күндізгі мерекелік бағдарлама Тәуелсіздік даңғылы, Орталық саябақ, Ататүрік саябағы, Өнеркәсіп кешені мен Көктал саябағындағы Оқушылар сарайының аумағында да өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Соғыс болмаған ел

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Нағыз қыс – Шанағатыда

Ауыл • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:05

Мал өсірудің машақаты

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Еңбегі ерен азамат

Тұлға • Бүгін, 08:50

Аса маңызды саяси үдеріс

Пікір • Бүгін, 08:48