Техникалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты 30 желтоқсан күні сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін «Чоң-Капка – автожол» өткізу бекеті арқылы адамдар мен автокөлік құралдарын өткізу тоқтатылады.
Ведомствоның мәліметінше, «Чоң-Капка – автожол» өткізу бекеті Қырғыз Республикасының Талас облысында, қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасында орналасқан.
Осыған байланысты Қырғыз Республикасының Шекара қызметі азаматтарды Қазақстан-Қырғызстан шекарасынан өту үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, жақын маңдағы өзге өткізу бекеттерін пайдалануға шақырды.