Суреттерді түсірген – Валерий Бугаев
Жаңа жылдық шоу-мерекеге шақырылған жасөспірімдер арасында жетім, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ оқу, спорт және шығармашылық салаларында үздік жетістіктерге жеткен оқушылар болды. Олардың әрқайсысы үшін бұл күн жылылыққа, қамқорлыққа және ғажайыпқа деген сенімге толы нағыз ертегіге айналды.
Өңір басшысы Асайын Байханов балаларды Мемлекет басшысы атынан құттықтады. Президентіміздің өскелең жас ұрпаққа үлкен үміт артып отырғанын атап өтіп, балаларды «ақталған сенімнің шамшырағы» болуға шақырды.

Балалар үшін Аяз ата, Ақшақар, Тұлпар, Жылан, Бархан, Қызғалдақ, Домбыра және Қазақ елі бейнесі сынды ертегілік әрі этностық кейіпкерлердің қатысуымен мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Ұлы Дала картасы орталық символға айналған, Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлікті, достық пен бейбітшілікті бейнелейтін әсерлі театрландырылған қойылым ұсынылды.
Әрбір балаға Президенттің атынан құттықтау ашықхаты, кітап, жұмсақ ойыншық, тәттілер мен 150 мың теңге ақшалай сертификат тапсырылды.
Павлодар облысы