Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябақта орын тепті
Аталмыш саябақ – оңтүстік астанадағы табиғаттың барлық ғажабы мен ХХІ ғасырдың ғылым жетістіктерін жинаған тамаша дендропарк. Алатаудың етегін ендеп жатқан дендропарк осыдан бірнеше жыл бұрын Елбасының бастамасымен бой көтерген болатын. Елбасы сол кезде Алматының ең әсем бөлігі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, қала тұрғындарының ортақ игілігіне беру үшін осы саябақта өз қолымен алғашқы көшеттерді отырғызған еді. Енді, міне, бүгінде бұл саябақ күн сайын көркейіп, әлемнің әр түкпірінен әкелінген тамаша көшеттер жапырағын жайып, алматылықтардың ең сүйікті демалыс орнына айналған.
Дендропаркті өзге саябақтардан даралайтын тұстары көп-ақ. Мұнда у-шу аттракциондар, басқа да ойын-сауық думан жоқ. Тау бөктеріндегі мүлгіген тыныштық пен табиғаттың тосын сұлулығын сүйетіндер осы арада серуендейді.
Сан алуан гүлдер мен әсем дарақтардың өзіндік көрмесі секілді дендропаркте жуырда жеті субұрқақтың ең бастысы салтанатты жағдайда көкке шапшыды. Яғни, Алматыдағы ең үлкен саябақ ең сұлу субұрқақпен толықты. 19,5 метрге атқылайтын су тамшылары шам жарқылымен түнгі мезгілде тіпті әсем. Субұрқақтың диаметрі – 52 метр.
Егер бүгінде қалада 120 шақты субұрқақ болса, оның 18-і қайта жөнделген. Ал Тұңғыш Президент атындағы саябақтағы ең басты субұрқақ музыка әуенімен, түрлі-түсті шамдармен көмкерілген.
Субұрқақтың салтанатты іске қосылуына келген қала әкімі Ахметжан Есімов аталмыш паркті заманаға сай абаттандыру үшін жұмыс жалғаса беретіндігін, оны жұмақтың бір пұшпағындай етуде саябақтың оңтүстік бөлігінде жасанды тоған, айналасында биіктігі 24 метр болатын кішігірім қырат жасау жобаланғанын атады. Келешекте 73 гектарды алып жатқан саябақтың ортаңғы бөлігінде танымдық сипаттағы нысандар бой көтеруі тиіс. Оның ішіндегі климатрондарда – жабық орындарда Жер шарының оңтүстік және солтүстік бөлігіндегі табиғи флора келушілердің назарына ұсынылатын болады.
Айнаш ЕСАЛИ, АЛМАТЫ. Суретті түсірген Берсінбек СӘРСЕНОВ.

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:50
Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық
Экология • Бүгін, 15:35
Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр
Ата заң • Бүгін, 15:03
Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады
Несие • Бүгін, 14:48
Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 14:28
Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады
Бокс • Бүгін, 13:59
Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді
Аймақтар • Бүгін, 13:33
Ұлытауда «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп халықты тақырға отырғызғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Испаниядағы турнирде 11 қазақ боксшысы финалға жолдама алды
Бокс • Бүгін, 12:49
125 млн теңге: Түркістанда 21 адамды алдаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
NASA ғарышта iPhone пайдалануға ресми рұқсат берді
Оқиға • Бүгін, 12:12
Спорт • Бүгін, 11:55
7 ақпандағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 11:43
Ақтөбе мен Атырауда ауа сапасы күрт нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 11:33