12 Мамыр, 2015

Қазалы ауданының басшысы ардагердің отбасында болды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Kazaly 03АСТАНА. 12 мамыр. Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі Бахыт Жаханов соғыс ардагері, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Пірназар Мырзатаевпен бірге Жеңіс күнімен құттықтау үшін Әйтеке би кентінің тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобаберген ақсақалдың отбасында болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. «Біз сіздердің халық жадынан ешқашан өшпейтін, адамзат үшін жасаған баға жетпес ерліктеріңізді мақтан тұтамыз. Сіздердей елді ауызбіршілікке шақырып отырған ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз», – деген аудан басшысы, ардагерлерді Жеңістің 70 жылдығымен құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің мерекелік құттықтау хатын жеткізді. Өз кезегінде, ардагерлер майдандастарының соғыста жасаған ерліктерін еске алып, жас ұрпаққа бата берді. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: egemen.kz. Kazaly 01