АСТАНА. 23 наурыз. Таяуда ғаламторда Әзербайжандағы Хазар Гамлет Исаханлы университеті ректорының қызы Улькер Исаеваны екі жігіттің ұрып-соғып жатқан видеосы жарияланды. Бүгінде бұл мәселе аталған елдегі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Бұл туралы BBC хабарлады.
Оқиға Бакудің орталық көшелерінің қиылысында түнгі мезгілде болған. Көпшілік қызды осыншалықты ұрып-соққаны үшін жігіттерді кінәласа, кейбіреулер жәбірленушінің өзін айыптап отыр. Қызды кінәлағандар түнде бойжеткен үйде отыруы керек деп санайды.
Аталған видео 9 наурыз күні Бакудегі Азадлыг және Узеир Гаджибеков көшелерінің қиылысында орналасқан бейнекамераға жазылып қалған. Жазба арқылы екі жігіттің де аты-жөні анықталды. Әзербайжандық БАҚ-тың айтуынша, олар ағайынды Заур және Элин Мамедовтар.
Бұл жөнінде: «Исаева әлеуметтік желідегі парақшасына ағайынды Мамедовтардың бірімен түскен суреттерін жарияланған. Яғни, олар бұрыннан жақын араласады. Улькердің достары кикілжіңнің қызғаныштан тууы мүмкін екенін айтады», деп жазады әзербайжандық порталдардың бірі.
Бейнежазбадан екі жігіттің Исаеваны «Бентли» маркалы автокөліктен шығарып жатқанын анық көруге болады. Сондай-ақ, қыз таксиге отырмақшы болғанда ағайынды екеуі тағы да көліктен шығарып, соққының астына алады. Тіпті аяқпен тепкілегені де таспаға жазылып қалған.
Осы оқиғаға қатысты Баку полициясы қылмыстық іс қозғап, жергілікті соттан Заур Мамедовты тұтқындау үшін ордер беруін сұрады. Дегенмен, аудандық сот бұл өтінішті қанағаттандырмай, Мамедов бостандықта қалды. Сот өз шешімін Исаева ханымның тарапынан ешқандай арыздың болмауымен түсіндірді. Олардың мәлімдемесінде: «Улькен Исаева ағайынды Мамедовтарға қарсы шағымданған жоқ және өзін ұрып-соғу фактісін мойындамады», делінген. Алайда, соттың бұл шешімімен келіспеген Бас прокуратура апелляцияға беріп, істі қайта қарауды сұрады. Прокуратураның бұл әрекетінен кейін ағайындылардың біреуі қамауға алынды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: bbc.co.uk.
• 23 Наурыз, 2015
Әзербайжанда университет ректорының қызын екі жігіт ұрып кетті

Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионатында қарсыласын 10:2 есебімен жеңді
Хоккей • Бүгін, 13:45
Ірі деректер базасының операторлары үшін биометриялық сәйкестендіру міндетті болмақ
Үкімет • Бүгін, 13:39
Ресейде қойылым кезінде жолбарыс көрермендерге қарай секірген
Оқиға • Бүгін, 13:26
Автокөліктегі міндетті жиынтық: Жүргізушілер нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 13:13
Жас шахматшылар әлем чемпионатында көш бастады
Спорт • Бүгін, 12:52
Ақтауда блогерлердің жеке өміріне қатысты материалдарды таратқан күдікті ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Үндістан арасындағы әуе рейстері көбейеді
Қазақстан • Бүгін, 12:40
Яна Легкодимова ісі бойынша сотталғандар колонияға ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қытайлық технологиялық алпауыт Kaspi-дің 6 млн акциясын иеленді
Банк • Бүгін, 12:22
Мемлекет басшысы Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:09
Ақтөбеде лицензиясы жоқ ломбард 93 миллион теңге табыс тапқан
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 12:05
Аустрияда балалар тағамынан егеуқұйрық уы анықталды
Оқиға • Бүгін, 11:55
Қазақстанда құрылыс компанияларына жаңа шектеулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 11:42
«Қазақ тазысы мен төбет күні»: Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Мереке • Бүгін, 11:37
Роботтар жарысы: Қытайда 100-ден астам гуманоид марафонда жүгірді
Технология • Бүгін, 11:26