Оқиға • 01 Қаңтар, 2026

1 қаңтардан бастап iKOMEK109 мобильді қосымшасы өтініштерді қабылдамайды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап iKOMEK109 мобильді қосымшасы арқылы өтініштер қабылдау уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 қаңтардан бастап iKOMEK109 мобильді қосымшасы өтініштерді қабылдамайды

Астана қаласы әкімдігінің Бірыңғай байланыс орталығының хабарлауынша, бұл уақытша шара тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында қосымшаның жаңартылған нұсқасын іске қосуға байланысты қабылданған.

«Жаңартылған нұсқа іске қосылғанға дейін тұрғындар өтініштерін iKOMEK109 Telegram чат-боты, 109 нөмірлі байланыс орталығы (қалалық және мобильді телефондардан), Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты www.gov.kz, 109@ikomekastana.kz электрондық поштасы, сондай-ақ iKOMEK109-дың Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы жолдай алады», делінген хабарламада.

Сондай-ақ барлық өтініштер бұрынғыдай белгіленген тәртіппен қабылданып, қаралатыны атап өтілді.

Астана қаласы әкімдігінің байланыс орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін  тұрғындардан түсіністік танытуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15