Аймақтар • 02 Қаңтар, 2026

88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өңдеу өнеркәсібін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы облысында халықаралық деңгейдегі жаңа зауыт бой көтереді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

88 млрд теңге инвестиция: Алматы облысында үй жануарларына арналған ірі азық зауыты салынады

Фото: ЖИ

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС арасындағы келісім бойынша, жаңа зауыт Қонаев қаласында салынбақ. Жобаның басты мақсаты – импортқа тәуелділікті азайтып, елімізде қосылған құны жоғары өнім өндірісін жолға қою.

Жобаның негізгі көрсеткіштері:

  • 88,8 млрд теңгеден астам инвестиция;
  • Жылына 100 мың тонна дайын өнім;
  • 200 жаңа жұмыс орны ашылады (оның кемінде 85%-ы жергілікті мамандар болады);
  • Құрылыс жұмыстары мен нысанды пайдалануға беру 2030 жылдың соңына дейін аяқталып, зауыт 2031 жылдың 1 қаңтарынан бастап толық жұмыс істейді.

Бұл кәсіпорын тек аймақтың ғана емес, бүкіл еліміздің өңдеу өнеркәсібіне серпін бермек. Инвестор мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруды да өз мойнына алып отыр.

«Жобаны жүзеге асыру импортты алмастыруға және өңірде тұрақты өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар