Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 2 қаңтар күні сағат 21:15 шамасында 12-шағынаудандағы №70 үйде тіркелген.
Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны анықталған.
«Пәтер ішінде электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шыққан. Өрттің шарпыған аумағы 1 шаршы метр. Өрт сағат 21:22-де толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», деп мәлімдеді құтқарушылар.
Оқиға орнында 11 құтқарушы және 3 арнайы техника жұмылдырылды. Өрт болған сәттің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.