Саясат • 03 Қаңтар, 2026

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін ресми түрде аяқтады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бас хатшысы лауазымындағы қызметін ресми түрде аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-дағы қызметін ресми түрде аяқтады

Оның орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалды. Оның тағайындалуы туралы шешім 2025 жылғы қарашада қабылданған.

– Жиналыс барысында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап үш жылдық мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыковты ОДКБ бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім бекітілді, – делінген ҰҚШҰ хабарламасында.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап басқарған, ол бұл лауазымда Станислав Засьты алмастырған. Бұған дейін Қазақстанда бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді атқарған, оның ішінде премьер-министр, Президент әкімшілігі басшысы және қорғаныс министрі болған.

Соңғы жаңалықтар