Қоғам • 04 Қаңтар, 2026

Air Astana қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Air Astana әуе компаниясы Астанадағы қолайсыз метеожағдайларға байланысты рейстердің кешігуі және ұшу кестесінің өзгеруі мүмкін екенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Air Astana қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігетінін ескертті

Фото: ашық дереккөз

Компанияның мәліметінше, 4 қаңтар күні рейстерде ротациялық кешігулер жалғасып жатыр. Бұған дейін Air Astana 3 қаңтардан 4 қаңтарға қараған түні Алматыдан орындалатын Airbus A320neo ұшақтарымен жүзеге асатын рейстердің кешіккенін хабарлаған. Оның себебі ауа райының нашарлауымен байланысты. Тұман және көріну қашықтығының 150 метрден төмендеуі салдарынан ұшуға шектеулер қойылды.

Әуе компаниясы ұшу кестесін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын, оның ішінде FlyArystan әуе компаниясының резервтік ұшағы да пайдаланылып жатқанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар