Президенттің айтуынша, теңізге тікелей шығатын жолы болмаса да, Қазақстан Еуразия құрлығының дәл ортасында, негізгі транзиттік бағыттар тоғысқан аумақта орналасқан.
«Бұл – үлкен артықшылық, біз оны ел игілігіне жарата білуге тиіспіз. Мақсат-мүддемізге сәйкес Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы (хабы) ретінде қалыптастыру – бұл салада атқарылатын жұмыстың басты бағыты», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы жуырда іске қосылған «Достық – Мойынты» жаңа теміржол магистралінің маңызын ерекше атап өтті.
«Бұл жоба осы жол арқылы Қытай мен Еуропа арасында тасымалданатын жүк көлемін бес есе арттыруға мүмкіндік береді. «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз», «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол желілерін жаңадан іске қосу жоспарымызда тұр. Жалпы, 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржолды салып, жаңғырту және 11 мың шақырым теміржолды жөндеу көзделіп отыр.
Елорда мен батыс аймақтардың арасындағы қашықтықты 500-ден астам шақырымға қысқартатын «Орталық – Батыс» күре жолы құрылысының стратегиялық маңызы өте зор», деді Президент.
Президенттің айтуынша, 2030 жылға дейін елімізде 5 мың шақырым теміржол салу және жаңғырту, сондай-ақ 11 мың шақырым теміржолды жөндеу көзделген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның шекарадан тыс аумақтарды қамтитын кең ауқымды көлік жүйесін қалыптастырғанын атап өтті.
«Қазақстан мұхит жолдарынан тысқары тұрса да, Сары теңіз бен Қара теңіздің арасында жүк терминалдарының желісін қалыптастырды. Еліміздің аумағы арқылы өтетін 12 халықаралық көлік дәлізі, атап айтқанда, 5 темір жол, 7 автокөлік дәлізі бар. Қытай мен Еуропа арасында құрлықпен жеткізілетін жүктің шамамен 85 пайызы осы жолдармен тасымалданады», деді ол.
Қазіргі таңда еліміздің аумағы арқылы 12 халықаралық көлік дәлізі, оның ішінде 5 теміржол және 7 автокөлік бағыты өтеді. Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жүк тасымалының шамамен 85 пайызы осы бағыттар арқылы жүзеге асырылады.
Тоқаев: Жеке абыройымды ойласам, мен де бұл жұмысты келесі басшылыққа ысыра салар едім
Дегенмен, Президент бұл саладағы бәсекенің күшейіп келе жатқанын да жасырмады.
«Көлік және логистика геосаясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Бұл мәселе жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібіне біржола енді», деді Мемлекет басшысы.
Сұхбатта Қазақстанның «Бір белдеу – бір жол», «Солтүстік – Оңтүстік» және Транскаспий бағыты – «Орта дәлізді» дамытуға белсенді қатысып отырғаны айтылды. Президент «Ресей – Қазақстан – Түрікменстан – Иран» бағыты арқылы теңіз порттарына шығудың болашағы зор екенін атап өтіп, «Орта дәлізге» Қытайдың қосылуын қолдайтынын жеткізді.
Тоқаев экс-президенттің Мәскеуге сапары туралы: Не айтылғаны маған қызық емес
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласының әлеуеті өте жоғары екенін айтты.
«Мұнда тек инфрақұрылым туралы сөз болып отырған жоқ. Экономиканың барлық дерлік секторы осы іргелі салаға келіп тоғысады. Сондықтан, Үкіметтің алдына заманауи инженерлік және сервистік инфрақұрылымы бар көлік-логистика тораптарын салу, теңіз порттарын, әуежайлар мен теміржол вокзалдарын жаңғыртып жөндеу, сондай-ақ тиімді цифрлық экожүйе қалыптастыру міндеті қойылды», деді Президент.
Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне кең көлемді сұхбат берді.