23 Наурыз, 2015

Мереке күні Ақсу қаласының 70 мыңыншы тұрғыны өмірге келді

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-aksu-1

ПАВЛОДАР. 23 наурыз. Павлодар облысы Ақсу қаласында бүгін жалпыхалықтық мерекелеу жалғасып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Металлургтер мен энергетиктер шаһарында осы күні тағы бір қуанышты оқиғаның тұсауы кесілді. Ол қаланың 70 мыңыншы тұрғынының мереке күні өмірге келгенімен байланысты болды. Осыған орай Ертістің жағасындағы айдынды қалада алашапқын сүйінші сұраушылық басталып кетті. Сонымен, Ақсудың 70 мыңыншы тұрғынының аты-жөні кім дейсіздер ғой? Айтайық. Ола – осындағы металлургия зауытында жұмыс істейтін жас отбасының тұңғышы – ұл бала. Ата-анасы оған Батыр деген есім беріпті. Кішкентай батырдың салмағы 3 кило, 300 грамм екен. Бақытты ананы құттықтаған қала әкімі Қайрат Нүкенов нәрестенің көрімдігіне деп 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Тағы бір атап өтерлігі, Ақсу қаласында соңғы үш айда 250 сәби дүниеге келген. Олардың алтауы – егіз бала. Өткен жылдың көрсеткішіне келсек, бір жылда 8 ана егіздерді дүниеге әкелді. Сондай-ақ көп балалы аналар саны артқан. Жуырда ғана 38 жастағы ана 10-сәбиін аман-есен босанды. Фарида Бықай. Мәнбе, сурет: egemen.kz.