Қоғам • 05 Қаңтар, 2026

Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жекелеген пайдаланушылар тарапынан интернеттің ұстамай қалуы бойынша қиындықтардың жүйелі сипатта болмағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік интернеттегі ақауға байланысты пікір білдірді

– Аталған кезеңде байланыс операторлары желілерінің жұмысында ақау тіркелген жоқ, телекоммуникациялық инфрақұрылым штаттық режимде жұмыс істеді.

Байланыс операторларының ақпараты бойынша, жекелеген пайдаланушылар интернет сапасының уақытша төмендеуіне тап болуы мүмкін, – делінген министрлік хабарламасында.

Бұл бірқатар факторға, соның ішінде келесі себептерге байланысты болуы ықтимал:

  • Базалық станцияларға түсетін жүктеменің артуы немесе біркелкі болмауы;
  • Радиоортаның ерекшеліктері мен құрылыс тығыздығы;
  • Желіні бір уақытта көп абоненттің пайдалануы;
  • Желінің тұрақтылығы мен сапасын арттыруға бағытталған жоспарлы жұмыстарды жүргізу.

– Негізгі цифрлық мемлекеттік сервистер мен ақпараттық жүйелер жұмысы ақаусыз жалғасты. Жалпы ел бойынша интернет тұрақты жұмыс істеді.

Министрлік байланыс операторларымен бірлесіп, желілердің жұмысына бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда операторлар шұғыл түрде техникалық шаралар қабылдайды, – делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20