Елорда • 05 Қаңтар, 2026

Астанада жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада жеңіл көлік жүргізушісі артқа қозғалу кезінде автобус аялдамасын қағып кетті. Оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада жеңіл көлік автобус аялдамасына соғылды

Оқиға Орталық саябақ аумағындағы автотұрақта болған. Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard автокөлігінің жүргізушісі артқа қозғалысты бастаған сәтте газ бен тежегіш педальдарын шатастырып, автобус аялдамасының павильонына соғылған. Соққы салдарынан аялдаманың әйнегі сынған.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Келтірілген материалдық шығын заңнамаға сәйкес өндірілетін болады.

Полиция департаменті жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20