23 Наурыз, 2015

Өзбекстанда Ұлы Отан соғысы ерлеріне ескерткіш қиратылды

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23-03-15-angren-1

АСТАНА. 23 наурыз. Өзбекстанда Ұлы Отан соғысы ерлеріне арналған тағы бір ескерткіш қиратылды. Бұл туралы «Азия-Плюс» хабарлады. «Өзбектің Ангрен қаласының билігі Ұлы Отан соғысында опат болған жерлестеріне арналған ескерткіш обелискіні алып тастады», - делінген хабарламада. «Біздің отанымыздың тәуелсіздігі жолындағы ұрыстарда қаза тапқан ангрендік жауынгерлер даңқы мәңгі арта берсін» деген жазба-ұраны бар обелиск  қала орталығында 1967 жылы пайда болған еді», деп жазады ИА REGNUM. «Мәңгі даңқтың» ғұмыры келте болды, обелиск өзінің бой көтергеніне жарты ғасыр толуына екі жыл қалғанда, орнынан сүріліп тасталды», - деп мәлімдеді ангрендік құқық қорғаушы әрі журналист Дмитрий Тихонов. Оның айтуынша, обелискінің орнына өзбектің белгілі ақыны Алишер Навоидің ескерткіші тұрғызылуы мүмкін. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Азия-Плюс.