12 Мамыр, 2015

Солтүстік Қазақстанда ерлікпен қаза тапқан жауынгерге ескерткіш орнатылды

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12.05.2015 Qos-6ПЕТРОПАВЛ. 12 мамыр.  Сергеевка қаласында № 6637 әскери бөлімнің бұрынғы жауынгері Қағазбек Нұрсейітовтың құрметіне мемориалдық екерткіш бой көтеріп, шырша көшеттері отырғызылды. Бұл туралы egemen тілшісі хабарлады. 12.05.2015 Qos-7Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тумасы Қ. Нұрсейітов Отан алдындағы азаматтық міндетін өтеу үшін 1961 жылы әскер қатарына шақыртылады. Петропавл қаласындағы № 6637 әскери бөлімнің құрамына жіберілген ол борышын шалғайдағы Сергевка қаласында өтейді. Үш жылдың ішінде өзін үлгілі сарбаз ретінде көрсете біледі. Екі мүшелге толған азамат 1964 жылдың 21 маусымында түзету мекемесінен қашқан аса қауіпті қылмыскерді құрықтау жолында ерлікпен қаза табады.  Содан бері оның ерлігі жастарға үлгі етіліп келеді. Есімі қоғамдық тәртіп күзетінің «Құрмет кітабына» жазылып, жеке құрам тізімінде мәңгілікке қалдырылады. «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Мемориалдық тақтаның ашылу салтанатына отставкадағы генерал-майор Борис Цхай, № 6637 әскери бөлімнің командирі Ақиқат Жұмаханов, Шал ақын ауданының әкімі Марат Омаров, құрылым офицерлері мен жауынгерлері жиналып, батыр оғланның аурағына тағзым етті. Өмір Есқали. Дерек, сурет: egemen.kz