12 Мамыр, 2015

Қазақстан – Буркина-Фасо ойынын «Хабар» тікелей эфирде көрсетеді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
12-05-2015-Kaz-Bur-Fas 01АСТАНА. 12 мамыр. Енді бірер сағаттан кейін Алматыдағы Орталық стадионда футболдан Қазақстан Буркина-Фасо құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де басталады. Матчты «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Аталған кездесуде мамандар алаң иелеріне аздаған басымдық беріп отыр. Ұлттық құрамамыздың сапында «Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан мен «Астананың» шабуылшысы Бауыржан Жолшиев жарақаттарына байланысты алаңға шыға алмайтынын айта кетейік. Ойынға Өзбекстанның белгілі төрешісі Равшан Ирматов қазылық жасайды. 37 жастағы төреші бүгінге дейін екі бірдей әлем чемпионатында (2010 ж., 2014 ж.) қызмет көрсетті. Сондай-ақ, Олимпиада, Азия кубогы және клубтар арасындағы әлем чемпионаты сынды беделді жарыстарда төрелік жасаған тәжірибелі маман. Одан бөлек, Ирматов әлем чемпионаттарында қазылық жасаған ойын саны жөнінен рекордтық көрсеткішке ие. Екі мундиальда ол 9 кездесуге төрелік айтқан. Равшан Ирматов осыған дейін екі мәрте Қазақстанда өткен ойынға қызмет көрсетті. Оның бірі Қазақстан мен Оман арасындағы жолдастық кездесу. Бас төрешіге алаң жиегінде оның отандасы Джахангир Саидов пен қырғыз Баһадүр Қошқаров көмектеседі. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: kff.kz. 12-05-2015-Kaz-Bur-Fas 02