ПЕТРОПАВЛ. 12 мамыр. «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Зенченконың бастамасымен Қызылжар ауданының Новоникольское елді мекенінде Кеңес Одағының Батыры Иван Куренковқа арналған мемориалдық кешен мен мүсін бой көтерді. Бұл туралы Қызылжар аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
И. Куренков Армия қатарына 1937 жылы шақырылған. Соғысқа алғашқы күндерден бастап қатысып, Мәскеу мен Курск иіні шайқастарында ерлік үлгілерін көрсеткен. Ал Днепрден өту кезіндегі жанқиярлық батырлығы үшін кіші лейтенант Кеңес Одағының Батыры атағына ие болады. Бұдан басқа «Қызыл Жұлдыз», Қызыл Ту ордендерімен марапатталады.
Өмірінің соңғы жылдарын Новоникольское ауылында өткізген.
Жиынды Қазақстанның Еңбек Ері Г. Зенченко ашып, жерлестерін айтулы оқиғамен құттықтады. Салтанатты рәсімге жиналған жұртшылық, қоғамдық ұйым өкілдері, оқушылар мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойып, аруаққа бас иді.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
• 12 Мамыр, 2015
Кеңес Одағының Батырына мүсін мен мемориалдық кешен орнатылды

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше