Қоғам • 08 Қаңтар, 2026

Атырау облысында ер адамның құлағын кесіп алған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға аталған облыстың Қызылқоға ауданына қарасты Миялы ауылында болған. Полицияның мәліметінше, 2 қаңтарда 24-25 жастағы 2 ер адамның арасында жанжал шыққан. Олардың бірі ауыр жарақат алған, деп жазады Egemen.kz

Атырау облысында ер адамның құлағын кесіп алған

Фото: istockphoto.com

Жанжалға 49 жастағы ер адам араласқан

Төбелеске 49 жастағы ер адам араласып, ұлын қорғау барысында абайсызда ас үй пышағымен жәбірленушінің сол жақ құлақ тұсынан дене жарақатын салған. Аталған дерек бойынша полиция «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Шұғыл медициналық көмек көрсетілген

Денсаулық сақтау басқармасында 2 қаңтар күні кешке Қызылқоға аудандық ауруханасына 2002 жылы туған ер адам сол жақ құлақ қалқаны мен құлақ маңы аймағының терісі сыдырылған жарақатпен жеткізілгені нақтыланды. Зардап шегушіні медициналық мекемеге достары алып келген.

Дәрігерлер шұғыл медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатып, дәрі-дәрмек және инфузиялық ем тағайындады. Хирургтар жараға алғашқы хирургиялық өңдеу жүргізді.

«Ақ Жайық» мәліметінше, кейін науқас мамандандырылған медициналық көмек алу үшін облыстық ауруханаға жіберілді.

Құлақ қалқанынан айырылған

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, ол дәрігерлердің бақылауында және емін жалғастырып жатыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, дабыл жарғағы зақымданбаған, есту қабілеті сақталған, алайда жас жігіт құлақ қалқанынан айырылған.

Соңғы жаңалықтар