Фото: baq.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталған. Оның 860-ы сотқа жолданған.
Комитет мәліметінше, сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты екені анықталды.
Қазақстан ТМД елдерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы келісімді ратификациялады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нәтижелерінде ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылып, құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды.
Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді.
Бұған дейін де еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың нәтижелерін жариялағанбыз.
Айта кетейік, өткен айда «Қазақ газеттері» серіктестігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.