Әлем • 08 Қаңтар, 2026

АҚШ 66 халықаралық ұйымның мүшелігінен шығады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тиісті меморандумға Дональд Трамп қол қойды. Ақ үйдің хабарлауынша, тізімге «Американың мүдделеріне сай келмейтін» ұйымдар енгізілген. Аталған шешім АҚШ қаржыландырып отырған ұйымдарға жүргізілген талдау нәтижесінде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

АҚШ 66 халықаралық ұйымның мүшелігінен шығады

Фото: Pixabay

Құжатқа сәйкес, БҰҰ-ға кірмейтін 35 ұйым және АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне, қауіпсіздігіне, экономикалық өркендеуіне немесе егемендігіне қайшы әрекет ететін БҰҰ-ның 31 құрылымы енді АҚШ есебінен қаржыландырылмайды.

Билік өкілдері салық төлеушілердің қаражатын неғұрлым тиімді тәсілдерге бағыттаған дұрыс деп санайды.

Ұйымдардың толық тізімін мына сілтемеден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар