12 Мамыр, 2015

Қазақ университетінде «Айналаңды нұрландыр!» фестивалі өткізілді

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-05-15-assambleya

АСТАНА. 12 мамыр.  Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын атап өту аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде «Айналаңды нұрландыр!» атты  фестиваль болып өтті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Аталмыш жоба бұдан 4 жыл бұрын университет ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтановтың бастамасымен қолға алынған болатын. Содан бері ол өзінің жалғасын тауып, жемісін беріп келеді. Кеш барысында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің деканы Омархан Әбдіманұлына сөз алып, әрбір тұлғаның өз бойында адами құндылықтарды қалыптастыруға назар аударуы керектігін атап өтті. Ал жаратылыстану факультеттеріне арналған шет тілі кафедрасының менгерушісі Айжан Молдағалиева жобаның тарихына тоқталды. Ол өз сөзінде Корея ғалымы Юнг Сил Кимнің «Brighten your corner where you are!» деген кітабындағы осы қозғалыстың негізгі тұжырымдамалық ұстанымдарға назар аударды. Шара барысында химия және химиялық технология факультетінің студенттері А. Есенбеков, Қ. Ерғали,  А. Әшімжан, Н. Орманбек, А. Дүйсенбай өз шығармаларынан үзінділер оқыды. Олар сонымен қатар Абайдың қара сөздерін қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде айтып берді. Бұдан басқа, көптеген студенттер ағылшын тіліндегі танымал әндерді нақышына келтіре орындады. ҚазҰУ  ғылыми кеңесі бекіткен «100 кітап» рухани жобасының да жастар үшін маңызын айта кеткен жөн. Осы орайда «Механика-математика» факультетінің студенттері ағылшын ақыны және драматургі Уильям Шекспирдің «Король Лир» атты койылымынан үзінді көрсетті. Қайрат Құлымбет. Дерек, сурет: egemen.kz.