24 Ақпан, 2015

Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь басшылары кездеседі

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-02-15-putin_nazarbaev_lukashenko-1

АСТАНА. 24 ақпан. Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің лидерлері Нұрсұлтан Назарбаев, Владимир Путин және Александр Лукашенко жақын күндерде Астанада үшжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігінен хабарланды. Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстанның Беларусьтегі елшісі Еркеғали Бөлегенов сол елдің Сыртқы істер министрі Владимир Макеймен кездесу өткізген. «Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың да, халықаралық алаңда өзара бірлесу қимылдаудың да мәселелері талқыланды. Соның ішінде ТМД және ЕАЭК шеңберіндегі әріптестік жайы да сөз болды. Бұдан басқа, тараптар жақын арада Астанада Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің лидерлері арасында өтетін үшжақты кездесудің ықтимал күн тәртібі туралы пікір алмасты», - делінген кездесу қорытындысына орай таратылған хабарламада. Мұрат Айтқожа.