Фото: instagram.com/bydastann
Дастан Мұхамедрахым әлеуметтік желідегі парақшасында сахнаға шығып, Уилл Смитке шапан жауып жатқан видеосын жариялап, ерекше сәттегі әсері туралы жазды.
«Мәссаған, ойлаңыздаршы Уилл Смитке шапан жаптым! Ойламаған жерден. Басқа ешкім дұрыс суретке де түсе алмады. Мен ғана шапан жауып суретке түсіп үлгердім, ары қарай дүрбелең болып кетті. Құдай берем десе береді екен ғой. Аллаға шүкір», деп жазды Дастан Мұхамедрахым.
Бұған дейін Дастанның видеосын Instagram-ның ресми парақшасы жариялаған еді.