Экономика • 12 Қаңтар, 2026

Дүйсенбідегі сауда-саттық қарсаңында Brent бағасы қалай өзгерді?

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік мұнай нарығы демалыс күндері қалыпты өсімді сақтады. Десе де соңғы геосаяси жағдайлардың сауда-саттыққа әсері байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дүйсенбідегі сауда-саттық қарсаңында Brent бағасы қалай өзгерді?

Фото: istockphoto.com

Brent маркалы мұнайдың бағасы 10 қаңтардағы жағдай бойынша барреліне 63,34 АҚШ долларына тұрақтады. Ал америкалық WTI маркалы мұнай 59,12 доллардан саудаланып жатыр. Қазақстан экспорттаушылары үшін ішкі нарықтағы CPC Blend мұнайы шамамен 67,71 доллар деңгейінде сақталып, жылдың басында бюджетке түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етіп отыр.

Вашингтон Венесуэланың мұнай саласына 100 млрд доллар инвестиция салады

АҚШ санкцияларына жауап ретінде Ормуз бұғазын жабу туралы қауіп әдетте тасымалдаушылар үшін сақтандыру төлемдерінің өсуіне алып келіп, мұнай бағасын жоғары итермелейді. Сарапшылардың болжамынша, 12 қаңтарға қараған түні Азия сессиялары ашылған кезде баға барреліне 65 доллардан жоғары күрт секіруі мүмкін.

Мұнай бағасы неге күрт өсті?

Дональд Трамптың жаңа жарлықтары нарыққа ықпал етіп отыр. Вашингтонның сауда саясатына қатысты кез келген өзгеріс жаһандық энергия ресурстарына тікелей әсер етуі мүмкін. 

АҚШ Венесуэла мұнайынан 4 млрд доллар пайда тапты

 

Соңғы жаңалықтар