Мәдениет • 12 Қаңтар, 2026

Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Ақерке Амалят Беларусьтегі халықаралық байқауда Гран-при иеленді. Сүйінші жаңалықты Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ақерке Амалят Витебсктегі халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Витебск қаласында «Арт-парад в Витебске» VII халықаралық фестиваль-байқауы өтті. Байқауға Қазақстан, Ұлыбритания, Германия, Италия, Қытай, Грузия және Қырғызстан сынды 12 елден келген 1 200-ден астам өнерпаз қатысты.

Халықаралық байқауда ел намысын Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша 4-ші курс студенті Ақерке Амалят қорғады.

Ол қазақ халық әнін орындап, 129 ұпай жинап, «Вокал» номинациясы бойынша Гран-при иеленді.

Айта кетейік, Ақерке бұған дейін де халықаралық және республикалық деңгейдегі көптеген байқаулардың жеңімпазы әрі лауреаты атанған.

Бұған дейін Ұлытаулық ауыл балаларынан құралған ансамбль халықаралық байқауда жеңіске жеткенін хабарлағанбыз. 

Ал Ирландияның Дублин қаласында өткен XIII Silk Road International Film Festival қорытындысында режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Үздік актер» жүлдесін иеленген еді. 

Сондай-ақ бұған дейін «Шабыт» халықаралық байқауының жеңімпаздары туралы жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар