Қоғам • 12 Қаңтар, 2026

Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы жаһандық қауіпсіздік пен контентті модерациялау жүйесіндегі Қазақстан нарығына қатысты Market Specialist – Kazakhstan атты бос жұмыс орнын ашты. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды, деп жазады Egemen.kz.

Meta Қазақстан бойынша салынатын контентпен жұмыс істейтін қызметкер іздеп жатыр

Фото: mobile-review.com

Маман Meta-ның дағдарыстық жағдайларға жедел әрекет ету, қауіп-қатерлерді анықтау, тексерулер жүргізу және платформа ережелерінің сақталуын бақылауға жауапты бөлімшелерінде жұмыс істейді.

Оның міндетіне Қазақстан бағытында жұмыс істейтін еуропалық команда құрамында болу, кезекшілікке қатысу, пайдаланушылардың аккаунттарға қатысты өтініштері мен ар-намысқа тиетін немесе зиянды контентке (суреттер, бейнематериалдар мен мәтіндер) байланысты түскен шағымдарын өңдеу кіреді. Сонымен қатар, маман аймақтағы Meta-ның жарнамалық бизнесіне қатысты тәуекелдерді анықтап, жарнама берушілерді қорғауға және жарнаманы орналастыру үдерісін жетілдіруге атсалысады.

Аида Балаева Meta өкілдерімен ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Үміткерден қазақ және орыс тілдерін білуі, елдің саяси, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерін түсінуі, сондай-ақ аналитикамен, цифрлық құралдармен жұмыс істей білуі мен есеп дайындау тәжірибесі талап етіледі. Excel, SQL және деректерді визуализациялау құралдарын білуі құпталады. Сондай-ақ маман Meta командаларымен және серіктес ұйымдармен байланыса отырып, шешімдер әзірлеуге және аймақтық заңбұзушылық түрлері бойынша сараптама жасауға да қатысады.

Жұмыс орны Дублин қаласында орналасқанымен, негізгі қызмет Қазақстанда жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Meta компаниясы ЛГБТ насихаты бар аккаунттарды бұғаттауға белсенді кірісті. 

Өткен жылдың қыркүйегінде елімізге Meta компаниясының вице-президенті Янн Лекун келгенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар