Тұлға • 12 Қаңтар, 2026

Қонаевтың рухына тағзым етті

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қонаев қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қонаевтың рухына тағзым етті

Еске алу шарасына Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, қала ақсақалдары, мәдениет саласының өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Жиналған жұртшылық қазақ халқының ардақты перзентінің ел дамуына сіңірген ерен еңбегін еске алып, оның мемлекет басқарудағы кемел саясаты мен адами болмысына тоқталды. Дінмұхамед Ахметұлының қайраткерлік жолы – елге адал қызмет етудің, парасат пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі екені атап өтті.

Шара барысында қатысушылар ескерткіш алдына гүл шоқтарын қойып, ұлт тарихында өшпес із қалдырған тұлғаның рухына тағзым етті.

Алматы облысы.

Соңғы жаңалықтар

Жүрегі жырдан жаралған

Тұлға • Бүгін, 08:20

3 минуттық сериал

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алаңдауға негіз жоқ

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Қауіп қайдан демеңіз...

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Оператордың ерекше әдісі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Қатерге қарсы тастүйін іс

Аймақтар • Бүгін, 07:58

Ақ кимешекті әйгілеген әже

Мирас • Бүгін, 07:55

Сезім селт еткен кеш

Өнер • Бүгін, 07:50

Сыншының елеулі еңбегі

Басылым • Бүгін, 07:45

Сарыжаздағы спорт мерекесі

Аймақтар • Бүгін, 07:40

ЖИ ұсынатын иіссу

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:35