Заң • Кеше

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО полицейлері үш күн бойы «Жалған нөмірлер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп, мемлекеттік тіркеу нөмірі оқылмайтын 105 автокөлікті, сондай-ақ мемлекеттік нөмірі жоқ немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген 28 автокөлікті анықтады деп хабарлайды Egemen.kz.

Жалған нөмірмен жүрген көліктер анықталды

Төрт жүргізуші жалған мемлекеттік нөмірмен жүргені үшін 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Олардың екеуі Ресей Федерациясының Түмен облысының тұрғындары. Олар «Жезқазған — Петропавл» автожолында тоқтатылған. 27 жастағысы «Land Rover» автокөлігін, ал 33 жастағысы «Mercedes Benz» көлігін жүргізіп келе жатқан.

Айта кетейік, елімізде жалған нөмірмен жүрген 900-ден астам жүргізуші ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Грозныйда АСА турнирі өтті

Спорт • Бүгін, 11:30