09 Шілде, 2010

ЕЛБАСЫНА ЕЛ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРМЕТІ

641 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының атына көптеген құттықтаулар келіп түсті. Ел Президентіне, партия Төрағасына басты жақтастары – нұр-отандықтар да өз сыйлықтарын тарту етті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” партия­сы­нан бірегей сыйлық алды. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ел Прези­денті, партия Көшбасшысына үлкен альбом сыйға тартты. Аль­бомда “Нұр Отан” партиясы ұйым­дас­тыр­ған “Отандастар” бү­кіл­халықтық акциясы шеңберінде ел Президенті атына келіп түскен Қазақстан аза­маттарының құт­тық­таулары мен өтініш-тілектері жи­нақталған. Жыл сайын Мемлекет басшысына аза­мат­тардан мыңда­ған жолдаулар келеді. Алайда, мұн­дай хаттар легін ол бірінші рет алды. Еліміздің әр түкпіріндегі, әр түрлі жастағы, әр түрлі ұлт өкілдері және әр түрлі кәсіптегі 1,5 миллионнан астам қазақстан­дық өз құттықтауларын жіберді. Құттықтауларында олар өздерінің жүрекжарды тілектерін, еліміздегі тұрақтылық, әр отбасын­дағы тоқшылық, ұсынылып жат­қан мүмкіндіктер үшін алғыстарын білдіріп, жаңа табыстар тілеген. Көр­кем басылымда құттықтау­лар­дың бір бөлігі ғана ұсынылған. “Нұр Отан” партиясы ұйым­дас­­тыр­ған “Отандастар” акциясы қа­­зақстандықтардың өз Прези­денті­не деген бүкілхалықтық шы­найы махаббаты мен жоғары құр­ме­тін көрсетті. Акция шеңберінде атаулы күнге байланысты 1,5 мил­лионнан астам хаттар, құттықтау­лар және өтініш-тілектер жинал­ған. Бұл – біздің еліміздің барлық аймақ­та­рын­дағы қарапайым аза­мат­тар ние­тінің ортақтығының бел­гісі. Пре­зи­дентке және оның жүргізіп отырған реформалар ба­ғытына өз қолдау­ла­рын айтып, ұлт Көшбасшысының командасында болуға және оның барлық бас­та­маларына жолсерік болуға дайын екендігін растады”, – деді партия Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.