24 Ақпан, 2015

Павлодарда этномәдени бірлестік концерт өткізді

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_0516ПАВЛОДАР. 24 ақпан. Павлодардағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте «Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына 20 қайырымды іс» республикалық іс-шаралар басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Концерттің ашылуында облыстағы «Эльбрус» қаршай-шеркес және кабардин-балқар этно-мәдени бірлестігінің төрайымы Мария Байрамқұлова құттықтау сөз сөйледі. Бірлестік карашай шеркес, кабардин-балкарлардың тілдерін, тарихын, салт-дәстүрін сақтауда жақсы жұмыстар атқаруда. Ел бірлігін нығайтуға, қазақ мәдениетімен танысуға, мемлекеттік тілді меңгеруге және Қазақстанның гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Концертте «Чипчик», «Къуанч», «Минги Тау» вокалдық топтары ән салды. Концертте «Қазақстаным», «Орайда», «Си 1 эф 1 си фо», «Жаса қазағым», «Тек алға» сияқты қазақ әндері орындалды. Бұл концертті оқытушылар, студенттер қауымы тамашалады. Кеш соңында «Эльбрус» қарашай-шеркес және кабардин-балқар аймақтық этномәдени бірлестігі және жоғары оқу орнының «Қазақстан халқы ассамблеясы» кафедрасы мерекелік сыйлықтармен марапатталды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz. DSC_0411 DSC_0418 DSC_0500