Ауа райы • 13 Қаңтар, 2026

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты үш облыста көлік қозғалысы шектелгенін хабарлады.

Үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Қостанай облысы:

Бүгін, 13 қаңтар сағат 23:00-де ауа райының бұзылуына байланысты «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) дизель отынмен жүретін және қоғамдық көлік түрлері қозғалысына шектеу қойылды.

2026 жылғы 14 қаңтар сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған.

Ұландықтар жол жиегіне шығып кеткен жүргізушіге көмек көрсетті

Атырау облысы:

2026 жылғы 13 қаңтар сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Атырау-Орал-РФ шекарасы» автожолының 67-178 шақырым аралығындағы учаскесінде (Махамбет елді мекенінен Индер елді мекеніне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Алматы облысы:

2026 жылғы 13 қаңтар сағат 23:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы-Шелек-Хоргос» автожолының 24-118 шақырым аралығындағы учаскесінде (Арман ақы алу пунктінен Лавар елді мекеніне дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Шығыс Қазақстанда полицейлер күрежолда әйелді құтқарып қалды

2026 жылғы 13 қаңтар сағат 23:40-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-67 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы ақы алу пунктінен Қонаев қаласына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2026 жылғы 14 қаңтар сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар