АСТАНА, 24 ақпан. Қазақстанның басым бөлігі бұрынғыша антицлонның ықпалында болады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар сайтына сүйенген «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады.
«Ел өңірлерінің басым бөлігінде күн ашық болады, тек солтүстік, оңтүстік және шығыс аймақтарда ауа ағынының әсерінен кей жерлерде қар жауып, бұрқасын болады, жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысында - тұман, түнде жел тұрады, түнде ұйтқыған желдің жылдамдығы 25 м/с. жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында 15-20 м/с. жылдамдықпен жел тұрады. Ақмола облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз жел күшейеді, жылдамдығы -15-20 м/с.Қостанай облысында кей жерлерде тұман болады, таңертең және күндіз желдің екпіні 18 м/с. жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсуі мүмкін, көктайғақ, бұрқасын болады, күндіз жел күшейіп, жылдамдығы15-20 м/с. жетеді.
Павлодар облысында күндіз бұрқасын күтіледі, желдің екпіні -15-20 м/с.