24 Ақпан, 2015

Астанада жалған ақша жасаушы қолға түсті

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-02-15-faksh-tenge-1

АСТАНА.  24 ақпан. Астанада көлік полицейлері жалған ақшалары бар 23 жастағы қызды тұтқындады. Бұл туралы «Қазақстан жаңалықтары» хабарлады. «Астана қаласының темір жол вокзалында 23 жастағы қыз ұсталды. Одан номиналы 2000 теңгелік 64 купюра және номиналы 1000 теңгелік 6 дана ақша (жалпы сомасы 134 мың теңге) тәркіленді», - делінген хабарламада. Сарапшылардың тексеруінен кейін, бұл принтердің көмегімен басып-шығарылған жалған ақша екені анықталды. Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 231-бабы -бөлімі (Жасанды ақша немесе құнды қағазды дайындау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу) бойынша іс қозғалды. Осыған орай сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Материал тергеу амалдары үшін Астана қаласы бойынша мемлекеттік кіріс департаментіне жіберілді. Құрыш Нұрымбет.