Ғылым • Кеше

Күн панелін шығаратын желі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қ.Сәтбаев университеті жанындағы Физика-техника­лық ғылыми зерттеу институтының базасында іске қосыл­ған тәжірибелік-өнеркәсіптік желі жұмысы қорытынды­лан­ды. Елімізде күн панельдерін отандық негізде өндіруге бағытталған жаңа жоба нақты нәтижесін бере бастады. Жоба «ТехноГруппСервис» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған. Өндірістік желі жылына қуаты 150 мегаваттқа дейінгі күн модульдерін шығаруға есептелген.

Күн панелін шығаратын желі

Институт ғалымдары­ның жүргізген зерт­теулері нәтижесінде, елімізде отандық күн панель­дері өндіріле бастады. Өткен жылы іске қосылған бұл жоба елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуға, күн энергетикасы саласындағы өн­­дірістік мүмкіндікті кеңей­туге бағытталған. Бұл өнімдер жоғары тиімділігімен, тұрақты қуат беруімен, еліміздің әр­түрлі климаттық жағдайына бейімделуімен ерекшеленеді. Ұзақ мерзімге есептелген күн панельдері қазірдің өзінде бір­қатар өндіріс орындарында қол­данылады. Қолжетімді ба­ға­сымен жоғары сапасы тек кә­сіп­­орындар үшін ғана емес, жеке тұрғын үйлер үшін де тиімді.

Физика-техникалық ғы­лы­­ми зерттеу институты елі­­міз­де күн энергетикасы сала­сын­дағы жаңа ғылыми бағыт­тар­ды алғашқылардың бірі болып игеріп отыр. Атап айт­қан­да, гетероөткелді фотоэлемент­тер бойынша зерттеулер жүр­гі­зі­ліп, кванттық физика мен нано­технологияларға негіздел­ген технологиялық шешім­дер әзірленді. Институт ғалым­дары 20 жуық уақыт бойы Гер­мания мен Ресейдегі жетекші ғы­лы­ми орталықтардың тәжіри­бесін зерделеп, оны отандық өндіріс талаптарына бейім­­деген. Со­ның нәтижесін­де, «TopCon» мен «HIT» техно­логия­лары негізінде күн панельдерін әзірлеу мен өндіру жолға қойылды.

Жоба ең алдымен, ішкі нарық­тың сұранысын қамтамасыз етуге бағытталған. Басымдық күн радиациясы жоғары өңірлердің қажеттілігін өтеуге беріліп отыр. Күн панельдерін ел ішінде өндіру импортқа тәуелділікті азайтып, отандық жоғары технологиялы өнімге деген сенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылғы жұмыс қоры­тындылары күн энергетикасы­ның ел үшін маңызы артып келе жатқанын көрсетті. Институт ма­ман­дарының айтуынша, бұл сала біртіндеп тұрақты дамудың маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. Нанотехнология­лар мен заманауи инженерлік шешімдер тәжірибелік жоба­лар арқылы нақты нәтижеге же­тіп, энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және экономика­ның жаңа бағыттарын дамы­туға жол ашып отыр. Қ.Сәтбаев уни­верситетінің ғалымдары мен ин­женерлері алдағы уақытта да жаңартылатын энергия көзде­рін кеңінен енгізуге үлес қосуды мақсат еткен. 

Соңғы жаңалықтар