ТАРАЗ. 12 мамыр. Ұлы Отан соғысының даңқты жауынгерлерінің бірі, атақты мерген Ыбырайым Сүлейменовке ескерткіш орнатылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Ұлы Отан соғысының тарихына көз жүгіртер болсақ, 1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, мергендікті игерген Ы.Сүлейменов Калинин майданында болған алғашқы шайқастардың өзінде винтовкасымен 79 фашисті жер жастандырған. Великие Луки қаласы үшін болған шайқаста 60 жаудың көзін жойды. Ал 1943 жылдың күзінде Невель қаласы үшін болған кескілескен шайқаста ол 102 фашисті өлтіріп, асқан ерлік көрсетіп қаза тапқан. Сол қанды шайқаста сұрмерген батыр қазақтың аяулы қызы, пулеметші Мәншүк Мәметова екеуі бір күнде, бір майдан шебінде Отан үшін жанын пида етті. Екеуінің де сүйегі Невель қаласында жерленді.
Айта кеткен жөн, былтыр осы Невель қаласындағы Ыбырайым Сүлейменов атындағы көшеде батырға арналған мемориалды тақта ашылған болатын. Енді, міне, қаламыздағы батыр атындағы көшеде сұрмерген жауынгерге арналған еңселі ескерткіш бой көтерді. Биіктігі 2 метр, тұғыры 2 метр ескерткіш постаменті темір бетоннан құйылып, гранитпен қапталған. Мүсін авторы – Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Момыш Сейіткерім.
«Халқымыздың мақтан тұтар арда ұлы, құралайды көзге атқан сұрмерген Ыбырайым Сүлейменов өзінің жас өмірін қасиетті Жеңіс жолында құрбан етті. Есімі Ұлы Отан соғысы тарихында алтын әріппен жазылып қалды. Халқымыз «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» деп айтқанындай, елінің үмітін ақтап, халқының бейбіт болашағы үшін жанын қиған батырды ел де ұмытпақ емес», – деді ескерткіштің ашылу рәсімінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев. Сондай-ақ бұл жиында батырды басылым беттері арқылы насихаттап, ескерткіштің ашылуына септігін тигізген белгілі журналист, облыстың Құрметті азаматы Сағат Арынұлы мергеннің өмірі мен өрлікке толы ерлігінен сыр шертті.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 12 Мамыр, 2015
Таразда Ыбырайым Сүлейменовке ескерткіш орнатылды

Кендірлі әуежайы 2027 жылы толық іске қосылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12
Тоқаев: Digital Qazaqstan стратегиясы таяу арада бекітіледі
Президент • Бүгін, 16:10
Президент: Озық ойлы жастар елімізді биік белестерге бастайды
Президент • Бүгін, 16:06
Балқыбекова мен Әбікеева Әлем кубогінде ширек финалға шықты
Спорт • Бүгін, 15:40
Мемлекет басшысына Қазақстандағы алғашқы криптовалютамен төлеу үрдісі көрсетілді
Президент • Бүгін, 15:38
Жаңа 20 мың теңгелік банкнота келесі жылы қолданысқа енгізіледі
Теңге • Бүгін, 15:24
Ипотека мөлшерлемесі бастапқы жарнаға байланысты өзгереді
Ипотека • Бүгін, 15:16
Өзбекстанда екі қабатты пойыздар қатынайды
Әлем • Бүгін, 15:07
«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47