Экономика • 15 Қаңтар, 2026

Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды ма?

10 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Президенттің Алатау қаласының базасында инвестицияларды, технологияларды және іскерлік белсенділікті тартудың жаңа полюсін қалыптастыру бойынша қойған міндеттерін жүзеге асыру барысымен танысты, деп жазады Egemen.kz.

Алатау қаласында құрылыс жұмыстары басталды ма?

Фото: alataunews.kz

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Премьер-министрді Алатау қаласының аумағындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, қала құрылысы мен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға дайындық туралы, сондай-ақ өңірді электр энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде қажеттіліктерді ескере отырып жаңа өндірістерді іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, бүгінде Алатаудың Бас жоспарына түзету енгізіліп, инженерлік желілердің салалық схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары және инфрақұрылымдық дамудың Жол картасы бекітілді. Жол картасының бірінші кезеңі аясында 365,1 млрд теңге соманы құрайтын 21 жобаны жүзеге асыру көзделген. 2026-2027 жылдары қосалқы стансаларды, су жинау торабын және газ құбырларымен қатар, инженерлік инфрақұрылымның қолданыстағы нысандарын реконструкциялау мен жаңа объектілер салу жоспарланған. 2028-2030 жылдардағы екінші кезеңде құны – 312,5 млрд теңге болатын 9 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде екі қосалқы станса, автоматтандырылған газ тарату стансасы бар газ құбыры, кәріз тазарту және 49 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы қамтылады.

Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды

Тұтастай алғанда, 2050 жылға дейін инвестициялардың жалпы көлемі 10,4 трлн теңге деңгейінде инфрақұрылымдық жобалар пулы қалыптастырылған, оның 3,1 трлн теңгесін 2030 жылға дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр. Инфрақұрылымды дамыту бюджет қаражаты есебінен ғана емес, сонымен қатар жеке инвестициялар мен EPC-келісімшарттарды тарта отырып қамтамасыз етіледі.

рр

Сондай-ақ Олжас Бектеновке алдағы уақытта тартылатын инвестициялар туралы да ақпарат ұсынылды. Бүгінде жалпы құны – 1,5 трлн теңге болатын 32 инвестициялық жоба қалыптастырылды. Аталған жобалардың 20-сы белсенді жүзеге асыру сатысында, оның 8-і – логистика, алтауы – құрылыс және өнеркәсіп, үшеуі – туризм, тағы бір үшеуі – тамақ өнеркәсібі саласын қамтиды. Бұл жобаларды жүзеге асыру шамамен 1,2 трлн теңге инвестиция тартуға және 22 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алатау қаласында әуе такси қызметі іске қосылады

Iconic Towers жобасына арнайы назар аударылды. Оны салу туралы келісімге 2025 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған болатын. Инвестиция көлемі 800 млн доллардан асады. Архитектуралық тұжырымдаманы әзірлеу үшін америкалық SOM компаниясы тартылды. Кешеннің жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метрді құрайды және оған екі мұнара, кеңселер, пәтерлер, қонақ үй мен сауда орындары кіреді. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді 2027 жылдың сәуіріне дейін аяқтау жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын биыл мамыр айында бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Алатау қаласының сәулеті адам игілігіне қолайлы, бизнес үшін ыңғайлы болуы керек

Алатау қаласының жобаларын жүзеге асыруға байланысты Алматы облысында электр энергиясын орташа тұтыну көлемі өсіп келеді: қазір ол – 750-800 МВт-ты құрайды. Бұл ретте 2030 жылға қарай болжамды өсім – 2 064 МВт, 2050 жылға қарай – 4 164 МВт болуы мүмкін деп бағаланып отыр. Қолданыстағы қуат көздерінің тапшылығы қосалқы стансалар құрылысы мен реконструкциясын талап етіп отыр. Үкімет қазірдің өзінде 15 қосалқы станса салу туралы шешім қабылдады, бұл жаңа трансформаторлық қуат көлемін іске қосуға және инвесторларды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алатау қаласы бойынша бекітілген Жол картасы аясында шамамен құны – 162 млрд теңге болатын тағы 11 қосалқы станса салу және реконструкциялау көзделген. Бұл – қаланың тұрақты дамуы мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың негізгі шарты.

«Инфрақұрылым әрқашан озық қарқынмен дамуы керек, бірақ біз сәл кешігіп келеміз. Жалпы мұндай мәселе еліміз бойынша бар. Қазір Президент бұған үлкен көңіл бөліп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет қажетті қаражатты бөлді. Біз мемлекеттік қаржыны тұрақтандыру үшін салық реформасын жүргіздік. Бұл қаражат бізге инфрақұрылымға салу үшін қажет. Бұл ақша ешқайда кетпейді, тікелей экономикаға салынады. Егер мемлекет инфрақұрылымға инвестиция салса, онда инвесторлардың сенімі артып, елімізге келе бастайды. Даму осыдан басталады. Басқа жол жоқ. Сондықтан, біз инвестиция саламыз және осы жылдан бастап бюджеттің мүмкіндіктері басқаша болады. Бірге жұмыс істейтін боламыз», деді Олжас Бектенов.

Үкімет барлық қолдау шараларын көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта қала арнайы мәртебеге және қосымша институционалдық жағдайларға ие. Олжас Бектенов жергілікті атқарушы органдардың назарын қаланы дамыту жөніндегі жұмысты күшейту қажеттігіне аударды. Президент белгілеген міндеттер шеңберінде Алатау бүгінде іскерлік белсенділік пен инновацияның жаңа орталығы ретінде қалыптасып келеді. Сондықтан қаланың сәулеті адам игілігіне қолайлы және бизнес үшін ыңғайлы болуы тиіс. Осыған байланысты Alatau City Authority Қоры мен Алматы облысының әкімдігіне инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, инвестициялар тарту, индустриялық, логистикалық және инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау мәселелерін қарастыра отырып, қаланы дамыту бойынша мемлекеттік қолдаудың жан-жақты шараларын қабылдау тапсырылды.

Алатау – заманауи урбанистика үрдісіндегі шаһар

Тамақ өнеркәсібі саласында Олжас Бектенов инвестицияларының жалпы көлемі шамамен 360 млн доллар болатын PepsiCo Central Asia ауқымды жобасы бойынша жұмыстардың қарқынымен танысты. Жоба екі кезеңмен жүзеге асырылып жатыр және қосылған құнның жаңа тізбегін қалыптастыруға, агроөнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау мен өңдеудің заманауи технологияларын енгізуге бағытталған. 900-ге дейін жұмыс орнын құру жоспарланған, кәсіпорынның өндірістік қуаты – 21 мың тоннаны құрайды.

пп

Премьер-министр Алатау қаласында «Mars Petcare Kazakhstan» ЖШС-нің үй жануарларына арналған дайын азық өндіру зауытына барды. Өндірістерді локализациялау және қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту саясаты шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жоба жылдың ортасында басталады.

Соңғы жаңалықтар