Қоғам • 15 Қаңтар, 2026

Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде биыл республика көлемінде бірқатар ауқымды іс-шара өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Қоғамдық коммуникация орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Туристік күнтізбе: Биыл Маңғыстауда қандай іс-шаралар өтеді?

Фото: ruh.kz

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2026 жылға арналған 20 өңір − 55 туристік іс-шаралар күнтізбесі бойынша, өңірде наурыз айында «Амал келді – жыл келді» этномәдени фестивалі, тамыз айында «Каспий – достық теңізі» халықаралық туристік фестивалі және былтыр бастау алған «Aq maya» ауқымды шұбат фестивалі белгіленген.

«VIAJAR» бейнелеген Маңғыстау

Туристік күнтізбе ішкі туризмді дамытуға, бағыттарды кеңейтуге және өңірлік брендтерді ілгерілетуге арналған. Онда түрлі бағыттағы іс-шаралар қамтылып, туристерге сапарды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Аталған күнтізбе Мемлекет басшысының 2025 жылғы 14 наурызда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында жүктеген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленген.

Сондай-ақ туристер үшін қолайлы болу мақсатында әзірленген event.qaztourism.kz веб-платформасы арқылы іс-шараларды күні, өңірі, санаты және ауқымы бойынша жылдам әрі ыңғайлы таңдауға болады.

Маңғыстау облысы шетелдік туристерді ең көп тартатын өңірлердің үштігіне енді

Соңғы жаңалықтар