Енді зообаққа кіру үшін ересектерге 1 427 теңге, балаларға 562 теңге болады. Бұрын ересектерге билет құны 800 теңге, ал балалар 300 теңге болатын.
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
− Бұл өзгерістер зообақтың болашағына арналған инвестиция. Біздің алдымызда — қолданыстағы қоршауларды реконструкциялау және жаңа, кең қоршаулар салу, жануарларды ұстау, инфрақұрылымы мен жағдайларын жақсарту, жаңа интерактивті, білім беру бағдарламаларын іске қосу жұмыстары күтіп тұр, − деп хабарлады зообақтан.
Сондай-ақ Алматы хайуанаттар бағы Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, мүгедектерге және оларға теңестірілген топтарға, зейнеткерлер, көпбалалы аналар, 7 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 18 жасқа дейінгі балаларға, қызметтегі әскери қызметшілер мен әскери академия курсанттарына кіру тегін екенін атап өтті.