Талқылау барысында экономикалық патриотизм отандық өндірісті қолдаудың және ішкі нарықты нығайтудың нақты тетігі ретінде қарастырылды.
Шара аясында экономикалық патриотизм мәселесі сүт саласының мысалында талданды. Ұлттық аналитикалық орталық жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сәйкес, қазақстандық өнімге деген тұтынушылар сенімі артып келеді. Сонымен бірге респонденттердің 27 пайызы отандық сүт өнімдерін импорттық өнімдерден ажыратуда қиындыққа тап болатынын көрсеткен.
Бағаны негізсіз өсірген сауда орындарына 481 030 теңге айыппұл салынды
Сарапшылар бұл мәселені шешу үшін «Қазақстанда жасалған» таңбасын айқын әрі түсінікті ету, сауда желілерінде дәм татыру шараларын кеңейту, сондай-ақ отандық және импорттық өнімдерге бірдей әрі қатаң сапа бақылауын енгізу қажет екенін атап өтті.
Ұлттық аналитикалық орталықтың басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов қазақстандық тауарды саналы түрде таңдау азаматтардың ел экономикасына қосқан тікелей үлесі екенін айтты. Оның сөзінше, бұл жұмыс орындарының көбеюіне, өңірлердегі табыстың артуына және сыртқы нарықтарға тәуелділіктің азаюына ықпал етеді. Экономикалық патриотизм ұран ретінде емес, нақты экономикалық құрал ретінде қарастырылуы тиіс.
Сондай-ақ 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері ұсынылды. Қаңтар-қараша айлары аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар жылдық есеппен 13,3 пайызға артқан. Инвестициялардың негізгі бөлігі бизнес субъектілерінің өз қаражаты есебінен жүзеге асқан. Бұл кәсіпкерлердің ел экономикасына деген сенімінің сақталып отырғанын көрсетеді.
ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?
2025 жылдың қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 12,3 пайызды құрады. Ұлттық аналитикалық орталық баға өсіміне сыртқы факторлардың, соның ішінде импорттық тауарлар бағасының қымбаттауы мен валюталық ауытқулардың әсер еткенін атап өтті. Ішкі себептер қатарында жеткізу тізбегіндегі тиімсіз делдалдар мен көлеңкелі айналымдардың бар екені көрсетілді.