Президент • Бүгін, 14:50

Елімізде тарифтік жүк айналымы 10%-ға артты

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өткен жылы атқарған қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде тарифтік жүк айналымы 10%-ға артты

Фото: Ақорда

Талғат Алдыбергенов тарифтік жүк айналымы 10%-ға артып, 289 миллиард тонна-шақырымды құрағанын айтты. Тасымал көлемі 5,5%-ға ұлғайып, 320 миллион тоннаға дейін жеткен. Экспорттық тасымал 89 миллион тоннадан асты. Жүк транзиті 20%-дан астам өсіп, 33 миллион тонна болды.

Президентке былтыр пайдалануға берілген Достық – Мойынты темір жолының екінші желісі арқылы 6 миллион тонна немесе 100 мың вагоннан аса жүк жеткізілгені баяндалды. Алматы бекетін айналып өтетін темір жолдағы техникалық қозғалысқа рұқсат етілді.

Теміржол инфрақұрылымдарын тарту және жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Жобалардың жалпы ұзындығы 3900 шақырымды құрайды.

Жеке тұлғалар банкроттығы: Банктер қанша адамның берешегін кешірді?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компания қызметінде қауіпсіздікті, тиімділік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін жасанды интеллектіні енгізу арқылы цифрлық жобалар жүзеге асырылып жатқаны айтылды.

Тәлімгерлік институты жолға қойылып, жастар кадрлық резерві жасақталған.

Президент әлеуметтік мәселелерді шешудің маңызын атап өтіп, теміржолшыларға арналған қолжетімді тұрғын үй салу бастамасын құптады.

2029 жылға дейін Қазақстанда 11 мың шақырым теміржол желісі жөнделеді

Мемлекет басшысы «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамын трансформациялауды жалғастыру, ірі шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты нығайту, цифрлық шешімдерді енгізу, мультимодальдық логистиканы дамыту мақсатында инфрақұрылымдарды кеңейту жөнінде тапсырма берді.

Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы банк және қаржы нарығын реттеу туралы екі заңға қол қойды.

Соңғы жаңалықтар