Әскер • 16 Қаңтар, 2026

Мәжіліс депутаттары Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын күзеткен ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөліміне Мәжіліс депутаттары арнайы келді. Делегация құрамында Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері депутаттар Дәулет Тұрлыханов, Болат Керімбек және Ардақ Назаров болды. Іс-шараға АМANAT партиясының Астана қалалық филиалының қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері де қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжіліс депутаттары Ұлттық ұлан сарбаздарымен кездесті

Әскери бөлімнің командирі полковник Жандар Әшірбеков құрметті қонақтарды бригаданың атқаратын қызметі, міндеттері және инфрақұрылымдық жағдайымен таныстырды. Депутаттар назарына қолданыстағы әскери техникалар мен қару-жарақ көрмелері ұсынылды. Сондай-ақ командир сарбаздардың 2025 жылы жауынгерлік қызмет барысында қол жеткізген нәтижелері жайында баяндады.

Өрт кезінде ерлік танытқан жігіт Ұлттық ұлан қатарына қосылды

ұлан
Халық қалаулылары сарбаздардың әскери киіммен қамтылу деңгейіне және сапасына баса назар аударды. Жеке құраммен кездесуде депутаттар Парламент қабырғасында қолға алған заң жобалары жайлы айтты.

- Былтыр әскери қызметшілерге қатысты бірнеше заң жобасын қарастырдық. Мысалы, мектептегі Алғашқы әскери дайындық пәнін күшейтуге ден қойылды. Бұл әскерге баратын жастардың қызығушылығын арттыруды көздейді. Сондай-ақ екі жылдан бері жауынгерлер арасында өзін көрсете білген сарбаздарға Білім министрлігі арқылы жылына 3 мыңға жуық оқу гранты беріліп келеді. Бұдан бөлек банк алдында берешегі бар әскерге шақырылушылар қызметі аяқталғанша несие төлеуді тоқтата алады, - деді депутат Болат Керімбек.

Сонымен қатар депутаттар әскери қызметшілердің талап-тілектеріне құлақ асып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Ұлттық ұлан сарбазы 7 тілді жетік меңгерген

Кездесуге Алматыдан әнші Медеу Арынбаев арнайы келді. Ол депутаттардың ұсынысымен әскери қызметшілерге патриоттық тақырыптағы әндерін орындап берді.

Айта кетейік, өткен жылы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары жауынгерлік қызмет барысында елорда көшелерінен есірткіге қатысы бар 56 адамды, денсаулыққа қасақана зиян тигізген 1 азаматты ұстады және 3 ұрлық фактісін анықтады.

Соңғы жаңалықтар