Бокс • 16 Қаңтар, 2026

Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 қаңтар күні денсаулығына байланысты бокстан Қазақстан ерлер құрамасы бас жаттықтырушысы қызметінен кеткен Қайрат Сәтжанов жаңа лауазымға тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қайрат Сәтжанов жаңа қызметке тағайындалды

«Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Қайрат Сәтжанов ҚБФ жаттықтырушылармен жұмыс жөніндегі вице-президенті қызметіне тағайындалды», делінген федерация таратқан хабарламада. 

Айта кетейік, Қайрат Сәтжановтың орнына Қазақстан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы қызметіне Нұржан Насанов тағайындалды.

Салада 35 жылдан аса тәжірибесі бар Қайрат Сәтжанов бас бапкер ретіндегі қызметін қорытындылады.

«1,5 жыл бас жаттықтырушы қызметінде қолдан келгенді аянып қалмадық, біліктілігімізді, көп жылдық тәжірибемізді салып жұмыс атқардық. Осы уақыт аралығында үлкен жетістіктерге жеттік деп ойлаймын. Былтыр қаңтарда Испанияда өткен, ақпан айында Болгарияда өткен «Странджа» турнирінде командалық есепте 1-ші орын алдық. Аталған турнирде еліміз егемендік алғалы екі алтын алған екен. Біз осы сында 5 алтын жүлде иелендік. Одан бөлек Сербияда, Нидерландыда өткен жарыстарда командалық есепте алға шықтық. Қазақстанда өткен әлем кубогі кезеңінде де осы нәтижені қайталадық. Ливерпульде өткен әлем чемпионатында тарихқа еніп, ұлдар, қыздар құрамасы бірігіп 7 алтын медаль иеленіп, жалпы есепте топ жардық. IBA ұйымдастырған әлем біріншілігінде 3 алтын жүлдемен Ресейден кейін 2-ші орынға тұрақтадық», деді Қайрат Сәтжанов.

Бүгін Қазақстан бокс федерациясы Қайрат Сәтжановқа құрмет көрсетіп, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігін және Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілтін табыстады.

 

Соңғы жаңалықтар

Он үшінші білім ошағы

Білім • Бүгін, 07:20