24 Наурыз, 2015

Батыс Қазақстанда үстіне телевизор құлаған сәби қаза тапты

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-skorpom

ОРАЛ. 24 наурыз. Осы айдың 21-і күні Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданы, Т.Масин атындағы ауылдық округінде кішкентай баланың үстіне телевизор құлап кетіп, соның салдарынан жантәсілім еткен. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлады. «Қаза тапқан ауылдық мектепте мұғалім болып істейтін келіншектің 4 жасар ұлы болып шықты. Сол күні ол жұмысқа кетіп, үйде балалармен әкесі қалады. Отағасы үй шаруасы жайымен шамалы уақытқа сыртқа шығып кеткен кезде аталған қайғылы оқиға орын алыпты», - деп әңгімеледі Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов. Бірі - төрттегі, екіншісі екідегі екі ұл бала бар болғаны бірнеше минутқа ғана өзді-өзімен оңаша қалған екен. «Олар, шамасы, ойнап жүріп, телевизорды тартып қалғанға ұқсайды. Ал зілдей ауыр ескі телевизор сол кезде төмендегі төрт жасар баланың тура басына құлаған. Әкесі сол сәтте-ақ үйге кіріп келіп, болған жайды көріп қалады, бірақ сәбиді құтқарып қалудың орайы келмейді, ол жарты сағаттың көлемінде жантәсілім етеді», - деп түсіндірді әкім. Ауылдағылар осы қайғылы оқиға орын алған отбасын тек жақсы жақтарынан айтып отыр. Темір Құсайын. Мәнбе, сурет: Мой город.