Қоғам • 18 Қаңтар, 2026

Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтауда Мәлік Мөрліханұлы есімді 63 жастағы тұрғын іздестіріліп жатыр. Ер адам үйінен шығып кетіп, содан бері туыстарымен байланысқа шықпаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті

Lider.kz еріктілер қозғалысының мәліметінше, Мәлік Сүйінбаев 17 қаңтар күні шамамен сағат 10:00-де Ақтаудың 9-шағынауданындағы №2 үйден шығып кеткен және содан кейін хабар-ошарсыз қалған.

Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды

Із-түзсіз жоғалған ер адамның бойы шамамен 180 см, дене бітімі – орташа, шашы – қара, аралас ақ шашы бар.

Киім үлгісі: жоғалған сәтте үстінде қара күртеше, ал төменгі жағында қою түсті джинсы шалбар болған.

Атырау облысында жоғалып кеткен отбасы: марқұм әйелдің соңғы аудиожазбасына қатысты жаңа дерек шықты

Еріктілердің хабарлауынша, ер адам есте сақтау қабілетінің бұзылуына байланысты бағыт-бағдарын жоғалтып, дезориентация жағдайында болуы мүмкін.

Тұрғыннан қандай да бір ақпарат білетін азаматтар +7 (700) 499-72-92 нөміріне немесе 102 арнасына хабарласуы сұралады.

Із-түзсіз жоғалып кеткен атыраулық ерлі-зайыпты жер қойнына тапсырылды

Соңғы жаңалықтар