Тағайындау • 19 Қаңтар, 2026

«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Dara» Президенттік бастамалар қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен Алия Адамбаева қордың президенті қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Dara» президенттік бастамалары қорына жаңа басшы тағайындалды

Фото: «Dara» Президенттік бастамалар қорының баспасөз қызметі

Алия Адамбаева медиа саласында, сондай-ақ мемлекеттік және қаржы секторларында 25 жылдан астам кәсіби тәжірибеге ие. 

Әр жылдары ол бірқатар басшылық лауазымды атқарды, соның ішінде «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі баспасөз қызметінің Ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры, «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директорының орынбасары, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі болды.

Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды

Бұған дейін Қазақстанның жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдарында басшылық және редакторлық қызметтер атқарған. «Журналистика» мамандығы бойынша жоғары білімі бар, экономика және бизнес магистрі, сондай-ақ MBA және Executive MBA дәрежелеріне ие.

«Оқжетпес» футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

«Dara» Президенттік бастамалар қоры адам капиталын дамытуға және қоғамдық институттарды нығайтуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар бастамалар мен жобаларды қолдаумен айналысады.

Спорттық мансабын аяқтаған Бекзат Нұрдәулетов басшылық қызметке тағайындалды

Соңғы жаңалықтар