Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев бұл істе экономистер мен энергетика саласының мамандарына сын-ескертпе айтып, кадрлық шешімдер қабылдауға тура келуі мүмкін екенін жеткізді.
«Біздің басты стратегиялық мақсатымыз сапалы экономикалық өсім қарқынын бәсеңдетпеу. Осы мақсатта инфляцияны төмендетуге бағытталған жұмыстар басталды, жаңа инвестициялық кезең жарияланды, сондай-ақ өзге де шешімдер қабылданып жатыр», деді Мемлекет басшысы.
Президент Ассамблея мен Ұлттық құрылтай орнына Халық кеңесін құруды ұсынды
Президент экономика мен бизнес жаңа салық режиміне көшіп жатқанын және Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың алдына бұл кезеңді қалыпты өткізу міндетін қойды.
«Жаңа Салық кодексін қолдануға қатысты қоғам тарапынан айтылған барлық орынды, сындарлы ұсынысты мұқият зерделеп, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізу қажет.
Қоғам трансформациясы кезінде тиімді кері байланыстың орны айрықша маңызды. Азаматтардың өтінішімен жүйелі жұмыс жүргізу қоғамның тынысын дөп басып, олардың нақты қажеттіліктерін білуге және халықтың үміт-тілектеріне дер кезінде жауап қатуға мүмкіндік береді», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Партиялардың Парламентке өту межесі 5 пайыз болып қала бере ме?
Сонымен қатар Мемлекет басшысы кісі қолынан қаза тапқан Нұрайдың басында болған жағдайға да аса мән берді.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Арал теңізі мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оны сақтау бүкіл адамзат үшін өзекті міндет екенін айтқан болатын.