Ал Вице-президент лауазымы саяси жүйенің тұрақтылығына үлес қосары сөзсіз. Мысалы, кезінде Президент Әкімшілігінің жетекшісі ретінде мемлекеттік хатшылармен, мемлекеттік кеңесшілермен жұмыс істедім. Бұл жоғары
лауазым болғанымен, өкілеттіліктері конституцияда толық анықталмағандықтан, бұл орындар соған келген адамның бейімділігіне қарай белгілі бір функциялармен толықтырылып отырды. Кейде тіпті олардың мемлекеттік аппараттың ішіндегі нақты орны айқын болмай жүрді. Ал Вице-президент атауының өзі көрсетіп тұрғандай жауапкершілігі де, өкілеттілігі де өте жоғары лауазым. Бұл өзгерістердің бәрі саяси жүйе орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Ерекше бір назар аударатын тағы бір мәселе – конституциялық комиссия құру бастамасы. Комиссия өзгерістерді терең талдап, халықтың пікірін ескере отырып, конституцияның жаңа жобасын әзірлейді. Бұны «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының біздің конституциялық реформадағы көрінісі деуге болады.
Әлихан БАЙМЕНОВ,
мемлекет және қоғам қайраткері