Сурет: assembly.kz
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың тарихи миссияларының табысты жүзеге асқанын атап өту – олардың ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудағы өлшеусіз үлесін әділ бағалау. Бұл институттар өз кезеңінде маңызды рөл атқарып, қоғамдық диалогтің берік негізін қалыптастырды.
Осы сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның Халық кеңесін құру идеясы стратегиялық тұрғыдан өте орынды. Жаңа орган Ассамблея мен Ұлттық құрылтайдың тәжірибесін біріктіре отырып, этностардың, әлеуметтік топтардың, өңірлердің мүддесін жүйелі түрде білдіретін жоғары консультативтік алаңға айналады деп сенемін.
Кеңес құрамының теңгерімді түрде қалыптастырылуы, өңірлер мен азаматтық қоғам институттарының кеңінен қамтылуы – инклюзивтілік пен әділетті өкілдіктің айқын көрінісі. Бұл өз кезегінде ел тәуелсіздігін, қазақ мемлекеттілігін нығайтуға, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті жаңа сапалы деңгейге көтеруге қызмет ететіні анық.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның Халық кеңесі – қоғамды топтастыратын, ортақ жауапкершілік пен ұлттық мүддені алға қоятын заманауи әрі пәрменді институт болатыны сөзсіз.
Шерзод ПУЛАТОВ,
Ұлттық құрылтай мүшесі,
Астана қаласы өзбек этномәдени орталығының төрағасы